Екатерина Шабалина триатлоннан Африка кубогінде қола медаль жеңіп алды

Демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өткен триатлоннан Африка кубогінде қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Шабалинаның қорытындысы көрсеткіші - 01:01:34. Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима иеленді. 

Жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлет қатысты.