Елордада садақ атудан халықаралық жарыс жалғасып жатыр

Қола жүлдегерлер анықталды. Елордада садақ атудан халықаралық жарыс жалғасып жатыр.

Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және астанамызда осы спорт түрінің негізін қалаушы Светлана Лиді еске алуға арналған бәсекеге 80-нен астам қатысушы жиналған. Іріктеу нәтиждесінде жарыс жолында 36-сы қалды. Олар 9 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бүгінге дейін классикалық садақ атуда Кирилл Цай мен Соелма Цыренова, жасөспірімдер арасында Оразалы Қабдрахманов пен Назерке Тұрсынғалиева, ал блоктық садақ атуда Егор Поляков пен Айман Амангелді үздік үштікті түйіндеді. Алтын және күміс медальдардың тағдыры бүгін шешіледі. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы садақ атудан халықаралық жарысты алғаш қабылдап тұр. Алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастырып, Азия және Әлем кубоктерінің кезеңіне айналдыру жоспарланып отыр.

Ольга Ли, жарысты ұйымдастырушы:

- Барлық халықаралық талаптарды сақтап, жоғары деңгейде өткізіп жатырмыз. Әсіресе төрешілік жүйесінің әділ болуына ерекше мән берілді. Алдағы уақытта да осы дәстүрден жаңылмауға және қолдан келгенше оны  жетілдіре түсіге тырысамыз. Жарыс жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады. Соның негізінде алдымен Азия, одан кейін Әлем кубогінің кезеңіне айналдырамыз.