Футзалдан ұлттық құрама Еуропа чемпионатына дайындықты бастады

Әлем чемпионатындағы тарихи жетістікті енді Еуропада қайталау қажет.

Рикардо Кака баптайтын ұлттық құрама құрлықтық додағаға кешенді дайындықты бастады. Жыл соңына дейін Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Матчтар елордада желтоқсанның ортасында болады. Ал қаңтар айында Украина құрамасымен жолығады. Бұл жөнінде Украина құрамасымен бас бапкері Александр Косенко мәлімдеді. Еуропа чемпионатының өзі қаңтардың 19-ында басталып, ақпанның 6-сына дейін жалғасады. Оны Нидерланд елі қабылдайды. Жеребе тарту нәтижесінде ұлттық құрама «В» тобына түсті. Мұнда Қазақстаннан бөлек, Словения, Италия және Финляндия құрамалары бар.