435,77 493.30 5,9
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық теннисші эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті

  • 147
  • UPD: 17:10, 23.11.2021
Қазақстандық теннисші эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті Olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бублик биылғы маусымда 62 матчта 840 эйс жасап, көш бастады. Германиялық Александр Зверев 74 кездесуде 749 эйске қол жеткізіп, екінші орыннан көрінді. Америкалық Рейлли Опелка (43 ойын, 737 эйс) үздік үштікке ілікті. Тағы бір америкалық Джон Изнер (34 матч, 701 эйс) төртінші орынға табан тіреді. Биыл спорттық жолында ең үлкен табысына қол жеткізген ресейлік Даниил Медведев (71 кездесу, 652 эйс) бесінші сатыда. Александр Бублик осы аптада Мадридте Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы