Елордада «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы қаланың 8 жерінде тегін негіздегі жаттығулар өткізеді. Оған бас-аяғы 84 бапкер жұмылдырылды.

Шеберлік сағаттары бұған дейін саябақтар мен қоғамдық орындарда өтіп келген. Енді қалың қар түсіп, күннің суығына байланысты жабық кешендерге көшті. Бұнда қала тұрғындары мен қонақтарын 11 спорт түріне баулиды. Оның ішінде каратэ, стритбол, бадминтон, фитнес, жүгіру және скандимнавиялық жүріс бағыттары бар. Алдағы айда тізімге қысқы спорт түрлері де қосылады. Жобаның өзі желтоқсанның соңына дейін жалғасады.

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Криштану Роналду кәсіпқой мансабында осынша гол соғып үлгерді. Соңғы рет күні кеше Манчестер Юнайтед-Вильярреал матчында мергендігімен көзге түсті. Чемпиондар лигасы аясындағы кездесу Испанияда өткен ед. 78-ші минутта Криштани Роналду есеп ашса, артынша командаласы Джейдон Санчо оны еселей түсті. Қорытынды нәтиже 0:2. Соның арқасында Манчестер Юнайтед өз тобының бірінші сатысына жайғасты.

Майкл Кэррик, «Манчестер Юнайтед» ФК бас бапкерінің м.а.:

– Кездесу біз үшін сәтті болды. Соңғы кездері жолымыз болмай жүрген. Содан сабақ алып, жігіттер намысқа тырысты. Жасыл алаңға шыққан ойыншылар матч алдындағы жоспарды мүлтіксіз орындады.

Ал «Чели» уақытынан бұрын плей-оффқа шықты. Ең тартысты матчтардың бірі Лондон қаласында болды. Жергілікті Челси өз алаңында  Ювинтусты қабылдаған. 25-ші минутта Трево Чалоба есеп ашты. Бұл нәтиже екінші кезең басына дейін сақталды. Кейін Челси 3 минутта тағы 2 гол соғып, қапрсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Ал ең соңғы минутта Тимо Вернер қортынды нәтижені 4:0-ге жеткізді. Осылайша «Челси» 12 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына жайғасты. 

Томас Тухель, «Челси» ФК бас бапкері:

– Матч өте тартысты өтті. Көрсеткіш керемет. Командадағы жігіттерге алғыс білдіремін. Қарсыластың қорғанысы мықты. Соған қарамастан 4 бірдей гол соғудың амалын таптық.

Қалған кездесулердің нәтижесі төмендегідей. «Бавария» сырт алаңда «Динамоны» ұтып, плей-оффқа жолдама алды. Ал, киевтік клубтың тағдыры алдағы ойында шешіледі. «Мальме», «Зенит» және «Волфсбург» командалары топтық кезеңнен жарысты аяқтайды. Тек «Севильяның» ғана оны жалғастыруға мүмкіндігі бар. Осы топтағы Лилль мен Ред Буль Зальцбург те үмітін үзбейді. Плей-офққа шығатындардың нақты тізімі келесі кездесуден кейін анықталады. Ал Барселона Бенфикамен тең түсті. Қазір олар өз тобының екінші және үшінші сатыларында тұр. Сәйкесінше, плей-офф үшін тартысты жалғастырады. 

«БАРЫС» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Елордалық клуб құрлықтық лига аясында «Динамо» командасымен жолықты. Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч алаң иелері белсенді бастады. 6-шы минутта «Барыс» сапындағы Линден Вей  есеп ашты. Артынша қонақтар таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде, керісінше, «Динамо» ойыншылары гол соғып алға шыққан. Көп ұзамай Никита Михайлис нәтижені теңестірді. Осылайша негізгі ойын уақыты 2:2 есебмен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Ал матч соңындағы буллиттер сериясында «Барыстың» жолы болды. Осылайша Юрий Михаилис баптайтын жігіттер 31 ойында 19 ұпай жинап, шығыс конференциясының 9-шы сатысына жайғасты.

Айта кету керек, «Барыс» осымен екінші кездесу қатыран жеңіске жетіп отыр.

 

Сондай-ақ...