Атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанды

Жақында атыраулық екі полиция инспекторы Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында өткен әлем кубогына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем кубогында 30 елден 228 спортшы бақ сынады. Оның ішінде ел намысын қорғаған Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкері, аға лейтенант Мирас Шантасов 90 келіден жоғары салмақта қола медальға ие болды. Ал 75 келі салмақта қарсыластарын қапы қалдырған аға лейтенант Әлихан Сейітов әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды.

«Екі полицей де спорттың аталған түрімен мектеп қабырғасынан бері шұғылданып келген», делінген департаменттің баспасөз қызметінде.