Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл күндері Нидерландтың Дордрех қаласында шорт-тректен әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр.

Қазақстан ерлер құрамасы 5000 м қашықтық бойынша эстафета жарысында сынға түсті. Қазақстан құрамасы жартылай финалға өткен сегіз команда қатарына енді.