ӘЧ-2022. Цюрихте өтпелі ойындардың жеребесі тартылды

Швейцарияның Цюрих қаласында ӘЧ-2022 турниріне жолдама берілетін өтпелі ойындардың жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz.

Кәрі құрлықтың 12 құрамасы әлем чемпионатының үш жолдамасына таласқа түседі. Матчтар келесі жылдың көктем айында өтеді деп жоспарланып отыр. 12 команда 3 топқа бөлініп, әр топта бір ойыннан тұратын жартылай финал мен финалдық ойындар болады.