Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» есе жіберді

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Витязь» командасынан жеңілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Екі команда арасындағы соңғы cегіз кездесудің барлығында қазақстандық клуб жеңіске жетті. Оған қоса «Барыс» соңғы үш кездесуінде қарсыластарынан басым түсті. Кездесу қазақстандық команда үшін сәтсіз басталды. Ойынның бесінші минутында ресейлік клубтан Нико Оямяки есеп ашса, 27-інші минутта Иван Володин есепті үстемелей түсті. Ойынның 57-інші минутында ресейлік Фёдор Малыхин қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді. Ал 30 минутта елордалық клубтан Томаш Юрчо мергендік танытты.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада ресейлік «Торпедодан» басым түсті. Енді «Барыс» 2 желтоқсанда елордада Ресейдің «Динамо» командасын қабылдайды.

Сондай-ақ...