Қазақстандық теннисші Дубайда өткен додада топ жарды

Теннисші Анна Данилина Дубайдағы жарыстың жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Анна Данилинаға словакиялық Виктория Кузмова көмектеседі. Шешуші ойында ресейліктер Ангелина Габуева мен Анастасия Захарова жұбын 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, аталған доданың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары.