425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис Кубогінің алғашқы матчын сәтті бастады

  • 136
  • UPD: 14:49, 28.11.2021
Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис Кубогінің алғашқы матчын сәтті бастады

Қазақстанның ерлер құрамасы Испаниядағы Дэвис Кубогінің алғашқы матчын сәтті бастады.

Топтық кездесуде жерлестеріміз Дэвис Кубогінің жеті дүркін чемпионы – Швеция құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Алдымен жекелей жарыста Михаил Кукушник Элиас Имерға жол беріп қойды. Бұдан кейін Александр Бублик Микаэль Имерді жеңіп, есепті теңестірді. Командалық матчта Андрей Голубев пен Александр Недовесов қарсыластары Андре Горанссон мен Роберт Линдстедты қос ойында да 6:3 есебімен жеңді. 28 қараша күні Қазақстан құрамасы канадалық командамен ойнайды. Ширек финал ойындары қарашаның 29-ынан желтоқсанның 2-сіне дейін жалғасады. Ал жартылай финалдар 3-4-желтоқсан, ақтық сын 5 желтоқсанда өтеді.

Михаил Кукушкин, теннис бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Бізді қолдауға келген жанкүйерлер мен теннис көруге келген испандықтардың дауысын естідім. Екінші сеттің аяғы тартысты өтті деп ойлаймын. Мен әрине үшінші сетке жеткізуге тырысып, барымды салдым. Бүгін стадионға келіп, Қазақстан үшін жанкүйер болған көрерменге шексіз алғыс білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы