Әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды

Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын барлық команда белгілі болды.

Жарысқа қатысатындар: «Челси» (Англия), «Әл-Хиләл» (Сауд Арабиясы), «Әл-Әхли» (Мысыр), «Монтеррей» (Мексика), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия), «Әл-Жазира» (Катар) және «Палмейрас» (Бразилия).

Әлем чемпионатының жеребесі 29 қарашада тартылады.«Челси» жарысты жартылай финалдан бастайды. Турнир келер жылы қаңтарда өтеді.