434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Чемпиондық белдікке таласатын Данияр Елеусіновтің қарсыласы кім?

  • 143
  • UPD: 14:42, 30.11.2021

Кәсіпқой боксшы қазір елордада кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр деп хабарлайды «Хабар 24». 

IBO негізгі чемпиондық белдіктерге жол ашады. Сондықтан алдағы жекпе-жекте барымды салып, әлемдік рейтингімді жақсартуға тырысам дейді Данияр Елеусінов. Ол бүгінге дейін 10 кездесу өтізіп, онында да жеңіске жетті. Енді IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке таласпақ. Қарсыласы мексикалық Данте Хардон атанған еді. Бірақ бүгін ғана ол қолын сындырып, кездесуге қатыса алмайтыны туралы ақпарат алдық. Ал енді оны кім алмастырары әзірге белгісіз. Жекпе-жек кешінің өзі 18 желтоқсанда өтеді. Даниярдан бөлек тағы бірқатар жерлесіміз кәсіпқой ринке шығады. Оның ішінде Иван Дычко, Ангелина Лукас сияқты айтулы боксшылар бар. Бұл кешті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

КӨКПАР ТҮГЕЛ МУЛЯЖҒА КӨШЕДІ

Көкпар ойыны енді толықтай муляжбен ойналады. Бұл жөнінінде елордада өткен ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа мәжілісінде белгілі болды. Жиында жасанды серкеге қатысты мәселе көтерілді. 2018 жылы Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығына мүше 10 ел ортақ ереже қабылаған болатын. Онда халықаралық жарыстарда муляжды қолдану туралы шешімі бар. Енді осы өзгеріс ішкі жарыстарда да міндетті болмақ.

Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, бұл ұлттық ойынымызды спорттық қағидаларға және халықаралық талаптарға сәйкестендіруге көмектеседі.

Айта кетейік, жуырда ғана «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар ұлттық спортқа қатысты арнайы ұсыныс енгізген еді.

МЕССИ «АЛТЫН ДОП» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Лионель Месси «Алтын доп» иегері атанды.

Айта кету керек, аргентиналық футболшы бұл сыйлыққа 7 мәрте ие болып отыр. Месси 2009-2012 жылдар ралығындақатарынан 4 рет «Алтын допты» иеленді. 2015 және 2019 жылдары да бұл жетістігін қайталады. Ал 2020 жылы коронавирусқа байланысты оның иегері анықталмады. 34 жастағы аргентиналық ойыншы биыл «Барселонадан» Париждің ПСЖ клубына ауысқан. Каталондық клуб сапында Испания кубогын жеңіп алды және Ла лигада 30 гол соғып үздік сұрмерген атанды. Сондай-ақ Аргентина ұлттық құрамасымен алғаш рет Америка кубогында топ жарды. Биыл Мессимен басты бәсекелес болған  Роберт Левандовский екінші орыннан көрінді. Нәтижесінде «Бавария» клубы мен Польша құрамасының ойыншысы «Үздік шабуылшы» деген атаққа ие болды. Ал Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма «Үздік қақпашы»  деп танылды.

Лионель Месси, «Алтын доп» иегері:

– Кәсіпқой мансабымдағы негізгі жеңіске маусым айында қол жеткіздім. Ұлттық құраманың жидесін кигеннен бастап, Америка кубогында топ жаруды армандағам. Ақыры арманым орындалды. Бүгінгі сыйлық осының жемісі деп түсінем. Командада бірге ойнайтын жігіттерге алғыс айтам. Сонымен қатар дәл осы сыйлықты досым Луис Суарестің қолынан алғаныма қуаныштымын. Бұл - мен үшін үлкен мәртебе.

ҚАТАРЫНАН ЕКІНШІ ЖЕҢІС

Баскетболдан 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жалғасып жатыр. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жолы Сирия құрамасымен жолыққан. Дамаск қаласында өткен ойында жерлестеріміз 71:81 есебімен ұтты.

Айта кетейік, қос команда бірер күн бұрын елордада кездесті және бұл матч та қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы