Шымкентте шартты түрде сотталғандар арасында шағын футболдан турнир өтті

Пробация есебінде тұрғандар спортта бағын сынап көрмек. Көбі салауатты өмір салтын ұстануға тырысады.

Себебі бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу және қоғамдық шараларға қатысу жаза мерзімін қасқартуға сеп болады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайысқа төрт команда қатысты. Олар әр ауданнан іріктелген. Құзырлы органдар мен жастар ресурстық ортылығы ұйымдастырған шара төртінші рет өтіп отыр. Қазіргі таңда пробация қызметінде 1600-ге жуық сотталған адам есепте тұр.

Фархад Исахбаев, қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:

- Осындай іс-шараға белсенді қатысып, жүйелі түрде қатысатын азаматтар мен азаматшаларға марапаттау қаралады. Жеке істеріне мараппатау қаралады. Әрқайсысына бейімделу орталарына қарай мінездеме беріледі. Прокуратура қызметкерлері мен әкімшіліктің қолдауымен пробация бақылаудағы инспекторлардың қолдауымен осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады.