Тұңғыш Президент күнінде қызылордалықтар жаңа спорт кешенінің лентасын қиды

Қызылорда облысы Нартай Бекежанов ауылындағы елі игілігіне берілген спорт нысаны мемлекет пен жеке меншік әріптестіктің жемісі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Күрес, волейбол мен баскетбол секциясына елді мекеннің 200-дей өрені жазылып үлгерді. Одан бөлек шахмат пен тоғыз құмалаққа қызығатындар да жетіп артылады. Арнайы жабдық пен киімдер және түрлі допқа қолы жеткен ауыл балалары мәре-сәре күйге еніп, ойынның қызығына әбден батты. Жалпы соңғы жылдары Шиелі ауданында спорт кешендерін көптеп салуға ерекше мән беріліп келеді. 

Ғабит Тажбанов, №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры:

–25 ауыл болса, соның 15-інде бар. Бұрынғыға қарағанда, қазір Алғабас, Еңбекші, Жөлек, Бестам, Төңкерісте, Нартайда, Ақмая елді мекендерінде спорт нысаны бар. Сондай-ақ Байсын ауылдық округінде мәдениет үйінің 1 кең залын алып отырмыз.