Дэвис кубогі: Қазақстан Сербиядан жеңілді

Дәл қазір Испанияның Мадрид қаласында теннистен Дэвис кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның аясында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, соңғы сында Сербия спортшыларымен жолыққан.

Айта кету керек, бұл жолы жарыстың форматы өзгерді. Яғни қос тарап арасында 3 кездесу болады. Міне, алғашқы ойында Михаил Кукушкин жеңіске жетіп, ұлттық құраманы алға шығарды. Екінші матчта Александр Бублик әлем үздігі Новак Джоковичке жол берді. Ал шешуші сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Новак Джокович және Никола Чачичпен сынға түскен. 1 сағат 37 минутқа созылған кездесу сербиялықтардың жеңісімен аяқталды. Қортынды есеп: 6:2, 2:6, 6:3.

Осылайша жерлестеріміз жарысты аяқтады. Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер осының алдында Швеция және Канада құрамаларын ұтты.