Қостанай облысында самбо күресіне қызығушылық жоғары

Ұзақ үзілістен кейін самбо жарысы да жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қостанайда спорттың дәл осы түрінен 14 жасқа дейінгілер арасында республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық қатысушы жиналды. Олар олимпиадалық жүйе бойынша 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Жалпы Тобыл өңірінде самбо күресіне деген қызығушылық жоғары. Облыста екі мыңға жуық бала осы спорт түрімен тұрақты айналады. Биылдың өзінде Беларусь елінде өткен әлем біріншілігінде қостанайлық төрт самбошы жүлделі орындардан көрінді. Ал бұл жолғы бәсеке жергілікті споршылар үшін қосымша мотивация дейді ұйымдастырушылар.