«Finland Open»: Анель Бахыт халықаралық сынның ширек финалына жетті

Үстел теннисінен Лохья қаласында  «Finland Open»  халықаралық турнирі жалғасуда. 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан сапынан ең жоғары нәтиже Анель Бахыт көрсетті деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық теннисші алдымен өз отандасы Виктория Мочалкинаны ұтты. Кейін даниялық Жозефина Хаагенсеннді 3:2 есебімен жеңген. 

Алайда, осы жас санатында рейтингте бірінші орында тұрған литвалық Корнелли Рилискитеге Анельдің күші жетпей, жарысты аяқтады. Осылайша, Анель Бахыт ширек финалда сүрінді. 

Алан Құрманғалиев англиялық қарсыласын жеңіп, 1/8 айналым жолдамасы үшін өткен матчта чехиялық Ян Валентке жол берді. Виктория Мочалкина швецариялық қарсыласын ұтып, кейін Анель Бахыттан жеңілді.

Ал Темірлан Ким, Сарвиноз Миркадирова, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова мен Ангелина Романовскаялар бірінші айналымнан өте алған жоқ. 

Сондай-ақ...