434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Астана» клубы еурокубоктерге қатыспауы мүмкін

  • 83
  • UPD: 11:33, 04.12.2021
«Астана» клубы еурокубоктерге қатыспауы мүмкін

«Астана» еурокубоктарға қатыспауы  мүмкін. Өйткені несиелік қарыздар төлемін кешіктірген.

Салдарынан УЕФА елордалық клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде халықаралық футбол ұйымының ресми сайтында жарияланды.

«Астана» аталған соманы 31 қаңтарға дейін төлеуі керек. Әйтпесе 3 жылға дейін еурокубоктерге қатысу мүмкіндігінен айырылады. Ал қазақстандық клуб бұл жағдай туралы әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, «Астана» биылғы ел чемпионатында екінші орын алды. Сәйкесінше алдағы жылы Конференциялар Лигасына қатысуы керек еді.

Хабар 24 телеарнасы