AIBA президенті Қазақстанға келді

Халықаралық Бокс федерациясының (AIBA) президенті Умар Кремлев Қазақстанға келді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

AIBA басшысының елге келген сәтін бокстан Қазақстан құрамасының мемлекеттік бапкері Бақтияр Артаев жариялады.

Кремлев Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевпен кездесті. Сонымен қатар оларды премьер-министр Асқар Мамин қабылдады.

Жоғары дәрежеде өткен кездесуде тараптар қазақстандық бокстың жан-жақты дамуына тоқталды. Кездесудің маңызды мәселелердің  бірі ретінде мектептер мен жоғары оқу орындарында бокс спорт түрін дамыту талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстанға сапары барысында Кремлев Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевпен де кездесті. 

Сонымен қатар халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёв өзінің Қазақстанға сапары аясында жас боксшылармен жаттығу өткізді. Елордадағы «Бокс орталығында» өткен шара Умар Назаровичтің алғы сөзімен басталып, артынша жаттығуға ұласты. Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев өткізген жаттығуға жүзден аса спортшы қатысты. AIBA президенті Қазақстанда өсіп келе жатқан жас буын боксшылардың қабілетіне таңданысын жасырмады. Бұл дегеніміз елімізде бокстың қарқынды дамуына мол мүмкіндік бар дегенді білдіреді.