«Астана» еурокубоктардан шеттетілмейтін болды

«Астана» еурокубоктардан шеттетілгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түсінбеушілік УЕФА-дан ақпарат дұрыс аударылмауына байланысты болған және елордалық клуб мұндай қатаң жазаға ұшырамайды.

«УЕФА сайтындағы мәлімдемеде тек клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салу туралы айтылған. Мәлімдемеде «Астананың» еурокубок жарыстарынан шеттетілгені айтылмаған, УЕФА біздің клубқа қарсы мұндай санкциялар қолданбаған», – деп түсіндірді клуб.

Бұған дейін халықаралық футбол ұйымының ресми сайтында несиелік қарыздар төлемін кешіктіргені үшін УЕФА елордалық клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салғандығы жарияланған болатын.