Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші рет жеңілді

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде ол анголалық Манел Капемен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Жұмағұлов үшін бұл UFC-дегі үшінші жеңілісі болды.