Амир Закиров брейк-данс биінен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Парижде 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында брейкинг, яғни брейк-данстен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Амир Закиров және Ирина Усманова қатысқан болатын. 

Петропавл қаласының тумасы Амир Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды.

Жартылай финалда Амир канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді. 

Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді.