Кезекті рекорд: Надежда Морозова АҚШ-тағы әлем кубогінде ондыққа енді

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлады Olympic.kz. 

1500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Надежда Морозова еліміздің жаңа рекордын тіркеді. Ол 1:52.418 секундта жүгіріп өтіп, тоғызыншы орынға тұрақтады.

Аталған қашықтық бойынша В тобында өнер көрсеткен Екатерина Айдова 11-орын иеленді. 

Ерлер арасында 100 метрге жарысудан В тобында бақ сынаған Иван Аржаников 10-шы, Денис Кузин 16-шы, Дмитрий Морозов 25-ші орын алды.