Қазақстандық футбол ардагері Виктор Ярышев өмірден озды

Қазақстан футболының ардагері Виктор Ярышев өмірінің 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодардан қаралы хабар келді. 79 жасында Қазақстан футболының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Петрович Ярышев қайтыс болды.

Ол Сергей Тимофеев, Ойрат Садуов, Геннадий Штромбергер, Андрей Кучерявых секілід көптеген атақты футболшыларға тәлім берген маман. Оның жетекшілігімен павлодарлық «Аңсат» (кейін «Ертіс» болды) 1993 жылы ел чемпионатында жеңіске жетті», - деп жазды дереккөз.