Дэвис кубогі: қазақстандық теннисшілер Норвегиямен ойнайды

Теннистен Дэвис кубогінің алдағы маусымына арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалдық кезеңге шығу құқығын алу үшін қазақстандықтар Норвегия командасымен кездеседі. Матчтар 2022 жылдың 4-5 наурызына жоспарланған. 

Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей сын және бір жұптық сыннан тұрады. 

Жеңіске жеткен 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алып, 2021 жылғы Дэвис кубогінің финалистеріне қосылады.