«Барыс» Ресейдің «Ак Барс» командасын жеңді

«Барыс» «Ақ барысты» жеңді. Құрлықтық лига аясында қос клуб Қазан қаласында жолықты.

Қазақстандық команда ойын басынан басымдық танытып, 22-минутта есеп ашты. Авторы Якоб Лилья. Ал үшінші кезеңде «Барыс» сапындағы Аркадий Шестаков Роман Старченконың пасын ұтымды қолданып, есеп айырмасын еселеді. Алаң иелері соңғы минуттарда ғана қарымда бір шайба соқты. Бірақ таразы басын теңестіріп үлгірмеді. Осылай «Барыс» 36 ойында 34 ұпай жинап, Шығыс Конференциясының 10-сатысына жайғасты. Ал татарстандық клуб үшінші тұр.

Айта кету керек, Юрий Михайлис баптайтын жігіттер осымен екінші матч қатарынан жеңіске жетті. Енді олар өз алаңындағы кездесулер сериясын бастайды. Алдағы күндері елордаға Сочи, Куньлунь және Нефтихимик келеді.

Сондай-ақ...