Коронавирус кесірінен тағы бір дүбірлі дода өтпейтін болды  

Шорт-тректен Дрездендегі 2022 жылғы Еуропа чемпионаты өтпейді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайты мәдімдеді. Ұйымдастырушылар эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирді өткізу мүмкін болмағанын айтты.

ISU басқа елдерді турнирді өткізуге шақырды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 14-16 қаңтарға жоспарланған болатын.

ISU бұған дейін Осакадағы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалының өтпейтінән хабарлаған еді.