Месси голдар саны бойынша Пеледен озды

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси ресми матчтардағы голдарының саны бойынша футболдан үш дүркін әлем чемпионы бразилиялық Пеледен асып түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы туры аясында бельгиялық «Брюггеге» қарсы ойында (4:1) аргентиналық шабуылшы дубль авторы атанды.

Спорт статистикасы қорының (RSSSF) мәліметі бойынша, қазір оның 758 голы бар. Пеле кәсіпқой мансабында 757 гол соққан. Тізімде австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бикан (805) көш бастап тұр.

34 жастағы аргентиналық биылғы 2021/22 маусымда париждіктер сапында барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.