Елордада шахматтан әлем чемпионаты өтпейді

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жылдың қорытынды чемпионаттары өтіп жатыр. Мәселен, Щучинск қаласында әйелдер боксынан ішкі біріншілік басталды. Жарыстың алғашқы күні 7 салмақ бойынша іріктеулер өтті. Жарыс нәтижесінде 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

ЕЛОРДАДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТПЕЙДІ

Елордада әлем чемпионаты өтпейді. Халықаралық шахмат федерациясы елдегі шектеулерге байланысты осындай шешім қабылдады. Арнайы мәлімдемеде, Қазақстан үкіметі короновирусқа қарсы жаңа талаптар енгізгені, әсіресе, кейбір ел өкілдері 7 күн карантинде болатындығы айтылған. Өкініштісі сол, қатаң бақылауға алынатын елдер тізімі артып жатыр. Бұл спортшыларға қолдайсыздық туғызады. Сондықтан әлем чемпионаты өтпейді делінген хабарламада. Айта кетейік, шахматтың рапид және блитц түрлері бойынша дүниежүзілік дода 25-ші желтоқсан мен 31-ші желтоқсан аралығында өтуі керек еді. Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында бұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар.  Аталған дода короновирусқа байланысты былтыр да болған жоқ. Қазақстан үкіметі мен шахмат федерациясы енді оны алдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында  қабылдауды ұсынып отыр. 

КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Еліміздің ең үздік палуандары елордаға жиналды. Бұнда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Шараның ресми ашылу салтанатында  ұлттық құрама мүшесі, биылғы әлем чемпионатының жүлдегері Жәмиля Бақбергеноваға еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері деген атақ берілді. Артынша бозкілемге еркін күрес шеберлері шығып, өзара мқытыны анықтады. Жарыстың алғашқы күні 5 салмақ дәржесі бойынша белдесулер өтті. Нәтижесінде, 57 келіде жамбылдық  Рахат Қалжан, 61 келіде алматылық Акбар Құрбанов, ал, 74 келіде Солтүстік Қазақстан  намысын қорғаған Нұрқожа Қайпанов топ жарды. 79 келіде Жігер Зәкіров пен 97 келіде Мамед Ибрагимов қарсылас шақ келтірмеді. Жарыстың өзі 12-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Нәтижесінде, ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықапралық жарыстарға дайындықты бастайды.

ЧЛ: «БАРСЕЛОНА» ПЛЕЙ-ОФФҚА ШЫҚПАДЫ

Барселона плей-оффқа шыға алмады. УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчтар өтті. Котолондық клуб бұл жолы мюнхендік «Бавариямен» жолыққан. Сырт алаңда өткен матч 3:0 есебемен аяқталды. «Бавария» сапынан Томас Мюллер мен Лерой Зане және жартылай қорғаушы Джамал Мусиала гол соқты. Нәтижесінде, «Бавария» өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Ал «Барселона» үшінші орында. Сәйкесінше, енді Еуропа лигасында өнер көрсететі. Айта кетейік, котолондық клуб бұндай жағдайға соңғы 20 жылда алғаш тап болып тұр.

ЧЛ: «ЧЕЛСИ» МЕН «ЗЕНИТ» ТЕҢ ТҮСТІ

Чемпиондар лигасы аясындағы тартысты матчтардың бірі Санкт-Петербор қаласында өтті. Жергілікті Зенит лондондық Челсиді қабылдады. Кездесуде бас-аяғы 6 гол соғылды. Алдымен қонақтар сапындағы Тимо Вернер мергендігімен көзге түсті. Ал, алаң иелері бірінші кезең соңына дейін таразы басын теңестіріп, тіпті, алға шығып та үлгерді. Гол авторлары – Клаудиньо мен Сердар Азмун. Үзілістен кейін Челси сапынан Ромелу Лукаку және Тимо Вернер, Зенит сапынан  Магомед Оздоев мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Қортынды есеп: 3:3. Нәтижесінде Челси плей-оффқа жолдама алды. Ал, Зенит чемпиондар лигасында жарысты жалғастырады.

ЧЛ: КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ ТІРКЕЛДІ

Ал «Манчестер Юнайтед» «Янг бойз»-бен тең түсті. «Ф» тобында күтпеген нәтиже тіркелді. Бірінші сатыда тұрған англиялық клуб ең соңғы сатыдағы  швейцариялық команданы жеңе алмады. Манчестер қаласындағы матчта алаң иелері есеп ашты. Бірақ, қонақтар сапындағы Фабиан Ридер таразы басын теңестірді. Қортынды есеп: 1:1. Соған қарамастан «Янг бойз» жарыс жолынан шығып қалды. Ал, Манчестер Юнайтед плей-офф кезеңіне өтті.