Альберт Линдердің өлімінен соң қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Ауыр атлетикадан 2017 жылғы Азия чемпионы Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әзірге қылмыстық істің не себепті жабылғаны белгісіз. Полиция спортшының өлімінен соң  Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Сергей Седовқа ҚР ҚК «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Айта кетейік, 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында қайтыс болды. Белгілі болғандай, спортшы өзіне қол жұмсаған. 

Кейіннен ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Седов қызметінен босатылған.