Пеле қайтадан ауруханаға түсті

Бразилия құрамасымен үш дүркін әлем чемпионы болған атақты Пеле ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

81 жастағы Пеле Сан-Паулудағы ауруханада жатыр, алайда оның жағдайы түзеліп, жақын арада үйіне шығады. 

Еске салайық, мұның алдында футбол жұлдызы тоқ ішегіне шыққан артық өсіндіні кестіру бойынша операция жасатқан. Ісік тексеріс кезінде анықталған екен. Ал отадан кейін Пеле жансақтау бөліміне түсіп қалған болатын. Кейінгі жылдары ол бірқатар сырқаттармен күресіп келеді.