Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты

Гандболдан Қазақстан командасы Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Енді қазақстандық спортшылар тағы үш матч өткізеді. 

Атап айтар болса, біздің команда Швеция, Пуэрто-Рико және Нидерланд құрамаларына қарсы ойнайды. 

Кездесулер 9, 11 және 13 желтоқсанға жоспарланған.