Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Сочи» командасын жеңді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Сочи» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Кездесуді қос команда белсенді бастады. Алғашқы сәтте ресейлік клуб хоккейшілері «Барыс» қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Бірінші кезеңнің 4 минутында олардың қатарынан Кирилл Петьков «Сочи» командасын алға шығарды. Одан кейін қазақстандық клубтан Әлихан Әсетов 9, Роман Савченко 14 минуттарда мергендік танытты. Ал екінші кезеңде Якоб Лилья 29-39-шы минуттарда қос голдың авторы атанды. Үшінші кезеңде де айдын иелері басымдықты арттырды. Қорытынды есепті  ресейлік клубтан Янис Якс белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Қазір «Барыс» 37 ойыннан кейін 36 ұпаймен турнир кестесінде 20 орыннан 18 орынға көтерілді.

Енді елордалық клуб келесі кездесуін елордада 10 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді.