Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан әлем кубогінде төртінші орын иеленді

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. Ол жарысты төртінші орынмен аяқтады. 

Бұл бәсекеде украиналық Анастасия Новоасад жеңіске жетті. Күмісті қытайлық Ментао Ксю, қоланы украиналық Ольга Полюк еншіледі.