Павлодарлық ардагер спортшы суда 12 сағат бойы тоқтаусыз жүзген

Алпысты алқымдаған ардагер спортшы жарты күн бойы жүзіп, жеке рекорд жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Өміржан Ошанов – Шарбақтының тұрғыны. 25 метрлік хауызда 12 сағат демалмай жүзген спортшыны арнайы төрешілер бақылап тұрған. Өзі бұл еңбегін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнадым дейді мақтанышпен. Өміржан Ошанов бұдан жеті жыл бұрын да Жеңістің 70 жылдығына орай Қара Ертістің бойымен 70 шақырым жүзіп өткен. Ал 2015 жылы  Жеңіс күні қарсаңында панфиловшылардың құрметіне деп Павлодардан Мәскеуге велосипедпен жол тартты. Сөйтіп мерекені Қызыл алаңда қарсы алған.

Өміржан Ошанов, ардагер спортшы:

– 12 сағаттық жүзуді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймын. Жалпы әр мерейтойлық датаны спорттық шаралармен қарсы аламын. Марафондық қашықтықты жүгіріп, ұзақ қашықтықта жүзуді де әдетке айналдырдым.