Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды

Бокстан Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркістандық талантты боксшының таңдауы Назира есімді сұлуға түсіпті. Қалыңдық Ордабасы ауданына қарасты Амакелді ауылының тумасы. «Қалыңдығымды кеше ұзатып, алып келдім. Алда той болады. Соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын», - дейді Сәкен Бибосынов.