Василий Ломаченко 12 раундқа созылған айқаста ганалық қарсыласынан айласын асырды  

Үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы украиналық Василий Ломаченко (16-2, 11 КО) Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы ганалық Ричард Коммимен (30-4, 27 KO) кездесіп, жеңіске жетті.

Бұл кездесу жетінші раундта аяқталуы мүмкін еді. Жетінші раунд барында Ломаченко қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ ары қарай төбелеп ұрмай, қарсыласқа есін жиюға мүмкіндік берді. Осы раундтан кейін Комми жігерленіп, айқасты соңына дейін жеткізді. 

Ал 12 раундтың қорытындысы бойынша 119-108, 117-110 және 119-108 есебімен Василий Ломаченко жеңіске жетті.