«Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Мануэль Сантана қайтыс болды

«Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы Мануэль Сантана 11 желтоқсанда 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Мастерс» турнирінің баспасөз қызметі хабарлады.

Испандық теннисшінің өлімінің себебі нақтыланған жоқ. 

Сантана Roland Garros-ты екі рет – 1961 және 1964 жылдары жеңіп алған, 1965 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында және 1966 жылы Уимблдонда жеңіске жеткен. Ол – «Үлкен дулыға» турнирін жеңген алғашқы испан теннисші.