Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Екатерина Айдова А финалында алғашқы ондыққа енді

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр.

А тобында 1000 метрге жүгіруден сынға түскен Екатерина Айдова 9-шы орын алды. Ол алтын жүлдегер атанған жапондық Нао Кодайрадан 1.23 секундқа қалып қойды. 

Ал аталған қашықтық бойынша В тобында бақ сынаған Надежда Морозова төртінші орынға табан тіреді.