«Барыс» шабуылшысы Канада құрамасына шақырту алды

«Барыс» шабуылшысы Коди Куник Бірінші арна кубогына қатысатын Канада құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 15-19 желтоқсан арасында Мәскеуде өтеді. Оған бес команда қатысады: Ресей, Финляндия, Швеция, Чехия, Канада.

Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында Коди Куник «Барыс» сапында 31 матч өткізіп, 13 (4+9) ұпай жинады.