Өзбекстандағы жарыста ауыр атлет Артем Антропов жүлдеге іліге алмады

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов жаһандық жарыста жүлдеге іліге алмады. Өзінің дебюттік чемпионатында отандасымыз 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Қарсыластарының қатарында Олимпиада чемпионы катарлық Ибрагим Фарис та болды.

Дегенмен, қазақстандық атлет жұлқа көтеруде аутсайдерлердің қатарында болса, серпе көтеру сайысында кіші күміс жүлдеге іліге алды. Екінші жаттығуда Артем Антропов 221 келі зілтемірді бағындырды. Бірақ бұл көрсеткіш жалпы есепке әсер ете алмады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды. Ал жеңісті колумбиялық атлет Монтано Паредес тойлады.

Артём Антропов, ауыр атлет:

- Жалпы бұл нәтижеме көңілім толады. Әрине жақсы көрсеткішке қол жеткізуге болатын еді. Бірақ бұл менің ерлер арасындағы алғашқы ірі жарысым. Енді алдағы уақытта Қазақстан үшін алтын алуға тырысатын боламыз. Өзімнің жеке бапкеріме алғысымды айтамын.