Оралда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Оралда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 аймағынан 212 боксшы қатысады. Турнирдің жеребесі тартылды. 

Айта кетелік, Қазақстан чемпионаты аясында ұлттық құрамаға үміткер спортшылар бақылаудан өтеді.