Қазақстандық велошабандоз мансабын аяқтады

Қазақстандық велошабандоз Даниил Фоминых мансабын аяқтап, басқа жұмысқа ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Мен велошабандоз ретінде мансабымды аяқтап жатырмын, келесі жылдан бастап Алматы велокомандасында спорт директоры және ҰОК-та аға жаттықтырушы болып жұмыс істеймін, – деді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Даниил мансабын құрлықтық Астанада бастады, екі маусымнан кейін ол негізгі командаға алынып, жеті маусымды Әлемдік турда өткізді. Одан әрі келісімшарт ұзартылған жоқ.