Хоккейші матч кезінде қайтыс болды

Кырым қаласының «Сармат» хоккей командасының ойыншысы Александр Фролов Түнгі хоккей лигасы ойыны кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Оқиға 11 желтоқсан күні «Крымские Волки» командасына қарсы ойын барысында болған. Бірақ оқиғаның мән-жайы тек 14 желтоқсан күні анықталды. 63 жастағы спортшы қосалқы құрам қатарында отырған сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. 

Спорт кешенінде болған дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсеткен. Кейін жанкүйерлер мен хоккейшілер Фроловты көлікке дейін жеткізуге көмектескен. Емханаға бара жатқан жолда спортшының жүрегі тоқтап, қайтыс болған.