Екатерина Айдова төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы конькимен жүгіру спорты бойынша өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Калгариде (Канада) әйелдер арасында 500 м қашықтық бойынша үздіктер анықталды. Жарыстың финалында қазақстандық Екатерина Айдова тиісті қашықтықты 37.89 уақытта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ю Тинг Хуанг (Тайпей) мәреге екінші болып жетсе, Мария Виктория Родригес (Аргентина) үздік үштікті қорытындылады.