18 желтоқсан күні Д.Елеусінов елордада аргентиналықпен жекпе-жекке шығады

18 желтоқсанда кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады.

Бокс кеші елордада өтеді. Даниярдың қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леал. Екеуі жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу үшін таласады. Екінші басты кездесуде аса ауыр салмақтың өкілі Иван Дычко ресейлік боксшы Александр Устиновпен қолғап түйістіреді. Мұнан соң Жанқош Тұраров мысырлық Абдумонем Саидпен жекпе-жек өткізбек. Ал қазір баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Сондай-ақ...