Елордада 18 желтоқсан күні айтулы бокс кеші өтеді  

18 желтоқсанда кәсіпқой боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады.

Бокс кеші елордада өтеді. Даниярдың қарсыласы – аргентиналық Хуан Эрнан Леал. Екеуі жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу үшін таласады. Екінші басты кездесуде аса ауыр салмақтың өкілі Иван Дычко ресейлік боксшы Александр Устиновпен қолғап түйістіреді. Одан соң Жанқош Тұраров мысырлық Абдумонем Саидпен жекпе-жек өткізбек. Сонымен қатар шаршы алаңға Дәурен Елеусінов, Дәулет Дәукенов, Айдар Шәрібаев және Ангелина Лукас та шығады.

Бүгін баспасөз мәслихаты өтті. Ертең боксшылар салмақ өлшейді. Ал желтоқсанның 18-і күні бас қаладағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 16:30-да бокс кеші басталады.

Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің басты додасын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ...