Елордадағы бокс кешін еліміздің спортшылары жеңіспен бастады

Тағы бір қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын тізе бүктірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегі отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық Айдар Әмірзақов пен Өзбекстан боксшысы Дильшодбек Исроилов арасындағы кездесудің алғашқы екі раунды аңдысумен өтті. Қалған екі раундта шаршы алаң иесінің соққылары көздеген жеріне дөп тиіп жатты. Төрешілердің шешімі бойынша Айдар Әмірзақов 37:39 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр. Кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі. Жалпы кеш аясында Қазақстанның 14 боксшысының өнерін тамашалауға болады.