ҚХЛ: «Барыс» капитаны Даррен Диц мәскеулік клубқа ауысты

«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан командасының ойыншысы Даррен Диц мәскеулік клубқа ауысты.

Канадалық хоккейші енді мәскеулік ЦСКА-ның намысын қорғайды.

Мәскеуліктер қазақстандық клубқа қосымша қаржы төлейтіні де анықталды.

Даррен Диц «Барыс» сапында бес маусым бойы ойнады. Диц жалпы ҚХЛ-дағы 269 кездесуде 174 (67+107) ұпай жинаған.